Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Былтырғы жылы 38 млн мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген

AstanaTV
21.02.2019ж. 20:00
2385
Былтырғы жылы 38 млн мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген

Былтырғы жылы 38 млн мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген. Бұл туралы бүгінгі «Нұр Отан» партиясының жиынында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сөзінше тұрғындар электронды қызмет түрінің тиімділігін түсінген. Енді ағымдағы жылы тұрғындардың халыққа қызмет ету орталықтарына бармай-ақ шаруаларын бітіру көзделіп отыр. Қазір осы тұрғыда жұмыстар жүріп жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының 72 пайыз жұмысы электронды форматқа көшкен. Бүгін «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия төрайымы, мәжіліс депутаты Майра Айсина бастаған бір топ ел белсенділері бұл бағытта атқарылып жатқан жұмысты реттеп алды. Алқалы отырысқа Ішкі Істер министрлігі өкілдері де қатысты. 

Абылайхан ОСПАНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  

Азамат электронды анықтама алатын болса, 52 анықтама электронды форматқа көшкен. Тұрғылықты жер туралы, меншігі, сотталмағаны туралы анықтама және жақында психологиялық анықтама онлайн беретін болдық. Біз осы арқылы адамдарғы қолайлы жағдай тудырдық. Алда тағы жұмыстар көп.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша 300-ден астам халыққа қызмет ету орталықтары жұмыс істеп тұр. 

У. Қабылтай