Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Көкаралда балықтарды қорғайтын қондырғы салуға 300 мың еуро бөлінді

AstanaTV
21.02.2019ж. 20:00
3500
Көкаралда балықтарды қорғайтын қондырғы салуға 300 мың еуро бөлінді

Көкарал бөгетінде балықтарды қорғайтын қондырғы салуға 300 мың еуро бөлінді. Неміс халықаралық қарым-қатынастар қауымдастығы биыл осындай грант беріпті. Құрылыс жазда басталады. Былтыр халықаралық ұйымдар Аралға 200 млн теңге қайтарымсыз грант бөлген. Аралды құтқару қорының директоры мұндай гранттар беру 2-3 жылда тоқтайды деп отыр. Өйткені, халықарлық қаржылай көмек дамушы елдерге ғана беріледі. Ал, Қазақстан түрлі рейтингтер бойынша ендігі дамыған елдер санатына кіреді. Демек, өз қауқары жетеді деп есептеледі. Дүниежүзілік банктің қолдауымен Аралды құтқару үшін Көксарай бөгеті салынды. Мамандар Солтүстік Аралды толық қалпына келтіруге болады деп отыр. Ол үшін Сырдариядан су бұруды ұсынады.   

Болат БЕКНИЯЗ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫНЫҢ ҚР АТҚАРУШЫ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Көксарайдан төменгі аумақты Сырдариядан келетін сумен жұқалап жабуды ұсынамыз. 4-5 саға бойныша су келіп түседі. Онда балық болса, ол өлмейді. Арал түбіндегі ағаштар суғарылады. Экожүйе қалпына келеді. Ең бастысы - тұз ұшпайтын болады.

Осы тұздың кесірінен өңірде ауру-сырқау өршіп тұр. Қан айналымы жүйесі сырқаты- 42,3 пайызға, қатерлі ісік-3,5 пайзыға, ас қорыту -12 пайыз, эндокринология 38 пайыз, туа біткен даму ақаулары 13,7 пайызға өскен. Ал, мүгедектер облыста 34 пайызға көбейді. «Бірақ, оның экологиялық апатпен байланысы зерттелмеген соң, жарымжан адамдар жәрдемақыны аз алады»,- дейді жергілікі мәслихат хатшысы.  

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Қызылорда облысы мүгедектерінің жәрдемақысы осы санаттағы экологиялық апатты жағдайға байланысты мүгедектер санатына жататын ядролық сынақтардан зардап шеккен тұрғындарға қарағанда 14 887 теңге төмен жәрдемақы алып отыр. Арал маңындағы экологиялық апатқа байланысты аурулар түрінің анықталмағандығы, яғни, эколгиялық апаттың себептері мен мүгедектіктің пайда болуының арасындағы байланыстың жоқтығы аталған мәселеге себеп болып отыр.

М. Дюсекина