Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тобыл өңірінде көпбалалы отбасы баспаналы болды

AstanaTV
21.02.2019ж. 20:00
3212
Тобыл өңірінде көпбалалы отбасы баспаналы болды

Қостанай облысында кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана алып берді. Отбасы бұған дейін ауыл сыртындағы электр жарығы жоқ ескі үйді паналаған. Әлеуметтік қолдауға арналған игі істер «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асып жатыр.  

Көпбалалы отбасы мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Төрт бөлмелі жаңа баспана кенттің орталығына жақын. Автономды жылу желісімен қамтылған. Суы үйге кіріп тұр. Жайлы тұрмысқа қажеттің бәрі бар. Бұрын бұл үйдің адамдары ауыз суды ауыл шетінен тасып, балалары сабаққа бару үшін 3 шақырым жол жүрген екен. Қостанай облысы Таран ауданында 142 көпбалалы отбасы тіркелген. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың мұң-мұқтажы әрдайым билік пен партияның жіті назарында.  

Андрей МИХАЛЬЦОВ, ОТАҒАСЫ:  

Жергілікті әкімдікке үйге жарық тартып беруін өтініп барған едім. Олар келіп баспанамызды көрген соң, «бұл үйден сіздерді көшіреміз» деді. Сөйтіп бір аптаның ішінде осы үйді бізге рәсімдеп берді.

Айнаш ДОДАНОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТЫ:  

Көпбалалы отбасылар бізге клеіп, жағдайларын айтып, көмек сұрап жатқандары бар. Солардың әрқайсының жағдайын қарап жатырмыз. Көмірмен қамтып жатырмыз, заңдық кеңес беріп жатырмыз.

З. Санай