Негізгі / Жаңалықтар / СҚО көпбалалы отбасыларға әлеуметтік төлемді екі есеге арттырмақшы

СҚО көпбалалы отбасыларға әлеуметтік төлемді екі есеге арттырмақшы

Солтүстік Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларға төленер әлеуметтік төлем екі есеге арттырылады. Бұл туралы аймақ басшысы халықпен кездесуінде мәлімдеді. Құмар Ақсақаловтың сөзінше, бүгінде облыста 6 мың 700-ден астам көпбалалы отбасы бар. Әр шаңырақтағы бала саны төртеуден асады. Оларға ай сайын миллиард екі жүз миллион теңге төленеді екен. Бұдан бөлек оқушыларға тегін тамақ та қарастырылған. Бюджеттен киім-кешек пен мектеп құралдарына да қаржы бөлініп жүр. Енді биылдан бастап бір реттік жәрдемақыны арттырмақшы. 4-5 баласы бар отбасының әрқайсысы 25-26 мың теңге алатын болады.   

Құмар АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

«Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау үшін бір реттік әлеуметтік көмектің көлемі екі есеге көбейтіледі. Ал, 4-5 баласы бар аналарға бір реттік әлеуметтік төлем төленеді.

Е. Карин