Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыдағы 12 учаскені су басуы мүмкін

AstanaTV
21.02.2019ж. 20:00
2568
Алматыдағы 12 учаскені су басуы мүмкін

Алматыдағы 12 учаскеде су тасқыны болуы мүмкін. Оның 6-ы Алатау, 4-і Жетісу және 2-і Наурызбай ауданына тиесілі. Бірақ, төтенше жағдай қызметінің мамандары апаттың алдын алуға дайынбыз деп отыр.  

Серік ӘУБӘКІРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАСШЫСЫ: 

Су басу қаупі бар аумақтар қала маңына кейін қосылған ықшам аудандар. Ол жақта тіпті арық жүйелері де аз. Сол себепті су тасыған жағдайда бірден аулаға жайылуы мүмкін. Одан бөлек жергілікті тұрғындар қоқыстарын тастайды. Сол да кедергі болады еріген судың ағып кетуіне. Дегенмен, қауіпті аумақтарды бақылауда ұстап отырмыз. Биыл 7 мыңнан аса адам, 1639 техника мен 107 мотопомпа, тағы басқа қажет материалдар дайын тұр.

Департамент басшысы осы жылы 49 шақырымдық арық жүйесін жөндеп, Үлкен және Кіші Қарасу, Есентай өзендерінің арнасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қар көшкінін де қолдан жасап жатыр. Себебі, қала маңында қар көшу қаупі бар 156 аумақ тіркелген. Оның 18-і демалушылар мен тұрғындар өміріне қауіпті саналады. Олардың қатарында Шымбұлақ, Медеу мұз айдыны мен Үлкен Алматы көліне барар жол да бар.  

О. Нұржақып