Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елімізде әртүрлі салада қызмет ететін 870 мың жұмысшының жалақысы көтеріледі

AstanaTV
26.02.2019ж. 20:00
3480
Елімізде әртүрлі салада қызмет ететін 870 мың жұмысшының жалақысы көтеріледі

Елімізде әр түрлі салада қызмет ететін 870 мың жұмысшының жалақысы көтеріледі. Бұл да съезд барысында экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру тақырыбында өткен панельдік сессияда айтылды. Оған Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Павлодар облыстары және Шымкент қаласынынан екі жүзге жуық делегат қатысты. Жиын барысында үкіметтік қызмет түрлерін цифрландыру мәселесі де көтерілді. Бұл экономиканың жаңа үлгісін қалыптастыруға серпін береді. Сондай-ақ, партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі мақсаттары мен тапсырмалары жөнінде баяндалды.  

Альберт РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Бағдарламада экономиканың әртараптандырылуының қажеттілігі ескеріледі. Атап айтқанда, «қарапайым заттар экономикасын», экспортқа бағдарланған өнімді шығарудың жаңа бағыттарын, жоғары қосымша құны бар өнімді өндіру үшін шикізатты тереңдетіп, қайта өңдеуді және инновациялық технологияларды дамыту үшін жағдай жасау. Отандық кәсіпкерлерді қолдаудың механизмедері мен шараларын жетілдіру қажеттілігі мәселесіне аса көңіл бөлінді.  

Панельдік сессия барысында делегаттар өз бастамаларын да алға тартты. Мәселен, Ақтөбелік кәсіпкер Айнұр Бақтығалиева «Кайдзэн» технологиясымен бірлесе жұмыс істейтін Ұлттық кәсіпкерлер орталығын ашуды ұсынды. Оның пайымынша, үнемді инновациялар арқылы болашақ мамандарды дайындауға болады. Аталған технология Жапония, АҚШ, Ұлыбритания елдерінде кеңінен қолданылады екен.    

Айнур БАҚТЫҒАЛИЕВА, КӘСІПКЕР, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Қай жағынан алып қарасаңыз да үнемді технологияларды енгізу арқылы халықтың әлеуетін көтеруге болды. Жалпы, экономиканың қай саласы болмасын бұл технологияға тез бейімделеді. Біз бұл «Кайдзэн» технологиясын ауруханалар, мектеп, балабақшалаға енгізе аламыз.   

Н. Біләл