Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі кезінде Президентке партиялық бағдарламалардың орындауы жөнінде де есеп берілді. Оның ішінде «Кедергісіз келешек, «Ардагерлерді ардақтайық», айти сыныптар мен орталықтардың жұмысы таныстырылды. Ал, «Нұр-Медиа» холдингінің жобалары туралы холдинг басшысы Ләззат Танысбай Мемлекет басшысына баяндады. «Астана» арнасы, «Айқын», «Литер», «Түркістан», «Қазақстан Теміржолшысы» газеттері мен «NS» және «Орда FM» радиолары «Нұр-Медиа» холдингі құрамында. ««Астана» телеарнасы бірнеше жыл ішінде аудиториясын 4 есеге кеңейтіп, үздік 5 арнаның қатарына кірді. Осының арқасында табысты ұлғайтып, акционерлер қаржысын қажет етпейтін, дербес компанияға айналды», - деді Ләззат Танысбай.
А. Бектас