Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Көпбалалы отбасылар үшін 40 мың жалдамалы пәтер салынады

AstanaTV
27.02.2019ж. 20:00
4721
Көпбалалы отбасылар үшін 40 мың жалдамалы пәтер салынады

Әлеуметтің әл-ауқатын көтеру! Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 18-ші кезекті съезінде әлеуметтік саланы қолдауға бағытталған бастамаларды тізіп берді. Әсіресе, еліміздегі көпбалалы отбасыларды қолдауға млрд-таған қаражат бөлінбекші. «Ал, әкім-қаралар халықтың мұң-мұқтажын беске білу керек. Дер кезінде көмек көрсетіп, қиындықта тұрғындардың жанынан табылуы- шарт»,- деді Прездиент. Бюджеттік қызметкерлердің де айлығы өседі.Төрт баладан көп отбасылар үшін әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы тағайындалды. Абай Сейфолла тарқатады. 

Алматылық Ғалия Ақбасова 5 баланың анасы. 11 немересі бар. Кербұлақ ауданының әйелдер кеңесін басқарады. Елбасы ұсынып отырған «Бақытты отбасы» бағдарламасы талай шаңырақты шаттыққа бөлейді ден сенеді. Әсіресе, әлеуметтік жәрдемақыны құжат жинап, табан тоздырмай жылдам алуға мүмкіндік жасап жатқанына қуанып отыр.  

Ғалия АҚБАСОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

Бұл әрбір ананың, әрбір көпбалалы отбасының өміріне үлкен өзгеріс алып келетін бастама. Жаңа Үкіметке нақты тапсырмалар беріп жатырсыз. Көпбалалы отбасыларға қолдау жасауыңыз біздің болашаққа сенімімізді бұрынғыдан да нығайтып, көңілімізді тасытты.

Енді осындай көпбалалы аналарға жалдамалы пәтер 2-3 пайыз үстемемен несиеге беріледі. Толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар және табысы аз жанұялар да бұл бағдарламаға қатыса алады. Ол үшін де 50 млрд теңге жыл сайын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» бөлініп отырады. Президент бұл жұмыстың механизмін ойлап табуды тапсырды. Көпбалалы отбасылардың әр баласына берілетін жәрдемақы 21000 теңгені құрамақ. Мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасылардың жәрдемақысы 30 пайызы көтеріледі.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

В результате адресной социальной помощью будет охвачено в 2019 году свыше 830 тысяч человек, в том числе почти 550 тысяч детей. акже поручаю повысить пособие родителям, опекунам и семьям (лицам), воспитывающим детей-инвалидов на 30 процентов. Это затронет более 100 тысяч человек. На реализацию данных мер поручаю дополнительно выделить более 300 миллиардов тенге на 2019-2021 годы.

Еліміздегі 111 мың көпбалалы отбасының жағдайы төмен. «Бақытты отбасы» бағдарламасы солардың проблемасын шешеді. Денсаулық сақтау саласы үшін де 120 млрд теңге ақша қарастырылмақ. Алғашқы медициналық көмек 40-60 пайызға жетіледі. Болашағы бар ауылдар іріктеліп, оны дамыту үшін Үкімет өз жоспарын ұсынуы керек. Әкімдер елмен жылына бір рет емес, жыл бойына тұрақты кездесіп отыруы тиіс дегенді де айтты Президент. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Но есть и те, которые избегают общения с населением и игнорируют реальные нужды и потребности жителей регионов. Акимам нужно быть ближе к народу и делать все возможное для его блага. Они , конечно, работают, не скажу что не работают. Но надо быть ближе. У нас установился порядок, аким делает отчет раз в год. Аким должен встречаться не один раз в год, а в течение года должен встречаться. С разными категориями людей, с учителями, с врачами и так далее.

Ауыл-аймақтардағы бюджет қызметкерлерінің жалақысы да 1 шілдеден бастап 25 пайыз көтеріледі. Өңірдегі инфрақұрылымды дамытуға 120, газдандыруға бөлек 140 млрд беріледі. Болашағы бар елді мекендер іріктеледі.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Когда строим школу в перспективных селах, надо строит срау интернат. Пусть дети подтягивается сюда, потому что здесь и качества, и образование, и здравохранение Надо так работать. Надо наши села превратить в точку роста. Обеспечить его финансированием 900 млрд теңге 2019-2021 годы. Это поможет закрепить молодежь на селе.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Елдің әл-ауқатын оңалту үшін Ұлттық қордан 1 трлн 350 млрд, бюджеттен 2 триллион теңге бөлінетін болды. Себебі, «Халқымның болашақта емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын»,- деді Президент. Съезде қабылданған «Бақуатты қоғам: онжылдықтың он мақсаты» бағдарламасы халықтың жағдайын едәуір жақсартуы керек.

А. Сейфулла