Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ғылымды дамытуға бөлінген бюджет ақшасы дұрыс жұмсалмайды

AstanaTV
28.02.2019ж. 20:00
2895
Ғылымды дамытуға бөлінген бюджет ақшасы дұрыс жұмсалмайды

Ғылымды дамытуға бағытталған қаражатты дұрыс бөлу арқылы жүздеген миллиард үнемдеуге болады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша өткен жиында мәжілісмен Нұрлан Дулатбеков айтты. Депутаттың пікірінше, қаржы бөлінген жобалардың көпшілігі аяқсыз қалады және болашағы жоқ. Мәжілісмен қаражат баламалы энергетика, биомедицина және жасанды интеллектке бағытталуы тиіс деп есептейді. Оған қоса, қадағалау тетігін күшейту керегін айтады. 

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Ғылымның ең үлкен проблемасы - сұранысқа ие болмауы. Ғылыми өнімдерді өндіруші белсенді кәсіпорындар тек 2,3 пайызды ғана құрайды. Шетелдік компаниялардың қатысуымен белсенділік 5 пайызға дейін. Жекеменшікте 3,7 пайыз. Ал мемлекеттік мекемелерде ол өте төмен. 0,6 пайызға тең. 

Ә. Өмірзақ