Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде терроризмді насихаттаған екі күзетші сотталды

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған екі күзетші сотталды

Ақтөбеде жұмыс орнында терроризмді насихаттаған қос күзетші сотталды. 27 және 30 жастағы екі жігіт ДАИШ ілімдерін насихаттаған. Қуанышбек Жайлаубаев 8, ал Азамат Баймурзин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар құрылыс нысанын күзеткен. Тек жүрмей, жұмысшылар арасында жихадты уағыздапты. Тіпті, экстремизимді насихаттайтын видое үндеулер көрсеткен. Айыпталушылардың бірі бұдан бұрын, тап осы қылмысы үшін 3 жыл жазасын өтеп шыққан. Сотталушылар өз кінәларын ішінара мойындады.  

Теміржан АЛДАНОВ, №2 АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:  

Жайлаубаев Қуанышбек Айтқұлович ҚР ҚК 256 бабы 2 бөлігімен қаралған қылмыстық істі жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза сотталған Жайлаубаев қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде тағайындалсын.

Ал Азамат Баймурзинның мұндай қылмысқа алғаш рет барғаны ескеріліп, 7 жылға сотталды.   

Азамат БАЙМУРЗИН, СОТТАЛУШЫ: 

Терроризмді насихаттау деп өзім ойламаппын. Сондай сөз айтып жатырмын деп. Өзім уверенно болдым да «Ешкімді өлтіру, жару» деген оңдай әңгіме болған жоқ. Кәміл сенімдімін. Ондай менде бірінші рет болып тұр. Кешірім сұраймын бірінші ата-анамнан, сізден. Өкінемін.

Б. Рахметова