Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбе облысында биыл 300 шақырым жол жөнделеді

AstanaTV
28.02.2019ж. 20:00
2303
Ақтөбе облысында биыл 300 шақырым жол жөнделеді

Ақтөбе облысында аудан мен ауыл жолдарын жөндеуге 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның жартысы республикалық бюджеттен, қалғаны облыстан. Қомақты қаражатқа өңірдегі 300 шақырым жолды жөңдеу жоспарланып отыр. Әсіресе, аудан орталықтарынан ауылдарға қатынайтын тас жолдар күрделі жөндеуден өтпек. Сонымен қатар, былтыр басталған аймақтық 22 жоба бойынша да жол жөндеу жұмыстары жалғасын таппақ.  

Аязбай ОСМАНҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ: 

«Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» жолының 140 км тас жол салдық. Келер жылы қалғанын бітіреміз. «Шұбарқұдық –Ойыл», «Ойыл- Қобда», Қобдадан Жиренқопаға дейін әрі қарай Тұзтөбе Ресей Федерациясына шығатын жолды ремонттап жатырмыз. 2019 жылы көп жолды бітіреміз. Соның ішінде «Шалқар–Базой» бастап кеттік. Биыл 20 км бітіреміз.

Еске салсақ, кеше «Нұр Отан» партиясының XVIII съездінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ауыл-аймақты жалғайтын жолдарды жөндеуді тапсырған. Ол үшін 350 миллиард теңге бөлінеді. 2025 жылғы дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын қалпына келтіру көзделіп отыр. 

Б. Рахметова