Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Президент съезде айтылған бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуын бақылауды тапсырды

AstanaTV
28.02.2019ж. 20:00
2348
Президент съезде айтылған бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуын бақылауды тапсырды

Бюджет қаражатының шашауы шықпауы тиіс. Съезде айтылған әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуын бақылау қажет. Бүгін Ақордада Есеп комитетінің төрайымын қабылдаған Президент осындай тапсырма берді. Былтыр бюджеттің 430 млрд теңгесіне қатысты тәртіп бұзушылық анықталған. Наталья Годунова: «Жобаларды бағалау қызметінің арқасында бюджет қаражаты заңбұзушылығының жолын кесіп отырмыз»,- деді.    

Наталья ГОДУНОВА, ҚР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Біз тиімділік аудитіне көшу жұмыстарын жалғастыра береміз. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асыруына қатысты аудит жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ететін жоғары сұранысқа ие бағдарламалардың бірі. Сондай-ақ, экономиканы және бюджетті жоспарлау сапасын арттыру үшін Үкіметпен және Қаржы министрлігі жұмысты жалғастыратын боламыз.

Ал биліктегі ауыс-түйіс әлі жалғасып жатыр. Бұған дейін Ұлттық банкті басқарған 43 жастағы Данияр Ақышев Ақордаға қайтып оралатын болды. 2015 жылы бұл жерден президент көмекшісі болып кеткен ол енді президент кеңесшісі болып тағайындалды. Ал облыс орталығын Түркістанға көшірген бұрынғы әкім Жансейіт Түймебаев Астанаға қоныс аударады. Ол Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болмақ.  

Г. Меңдеева