Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шаңғышы Алексей Полторанин қан арқылы допинг қабылдағанын мойындады

AstanaTV
01.03.2019ж. 20:00
2343
Шаңғышы Алексей Полторанин қан арқылы допинг қабылдағанын мойындады

Шаңғышы Алексей Полторанин қан арқылы допинг қабылдағанын мойындаған соң қамаудан босатылды. Сондай-ақ, австриялық спортшылар Доминик Бальдауф пен Макс Хауке де азат етілді. Тергеу кезінде полицияға үшеуі де түсініктеме берген. Қазақстанның Шаңғы жарысы федерациясы Полтораниннің қамаудан шыққанын растап отыр. Бірақ, әзірге спортшымен де, оның жаттықтырушысымен де байланысу мүмкін болмай отырған көрінеді. 

Самал НАУРЫЗОВА, ҚР ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ ҰЛТТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ: 

Алексей бостандықта. Денсаулығы дұрыс. Нақты қай жерде жүргені бізге белгісіз. Австрия тарапының комментарийін күтіп отырмыз. Бізге ешқандай ресми хабарлама әлі келген жоқ.

Ал, Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы қан құю кәдімгі медициналық процедура дейді. Бұл әдіске кез келген адам созылмалы аурулар мен жарақат алған кезде жүгінеді. Ал, спортшы оны себепсіз қолданса, ол - допинг болып есептеледі. Жарыс кезінде бұған мүлде тыйым салынады. Егер, медициналық жағынан қажеттілік туындаса, спортшы тиісті өтініш толтырып допингке қарсы агенттікті ескертіп қою керек.

Майра БАҚАШЕВА, ҚР ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Біз спортшылардың қашан, қалай қан құятынын білмейміз. Допингтің бұл түрімен әрдайым күресіп келеміз. Егер, ондай факті тіркелсе, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Айып расталса, жарысқа қатысу құықығынан айыруға дейін жеткіземіз.

Д. Қайыртай