Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Реформалардың нәтижесін болашақта емес, қазір көру маңызды – «Nur Otan» Фракциясы депутаттары

AstanaTV
01.03.2019ж. 20:00
1965
Реформалардың нәтижесін болашақта емес, қазір көру маңызды – «Nur Otan» Фракциясы депутаттары

Реформалардың нәтижесін болашақта емес, қазір көру маңызды. Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының депутаттары осылай дейді. Төменгі палата кезекті XVIII съездің қортындысын талқылап, алдағы жұмыс жоспарларын пысықтады. Фракция мүшелері Елбасының Бағдарламалық сөзін ескере отырып, әр қазақстандық отбасының, әр азаматтың әл-ауқаты басты назарда екенін атап өтті.  

Гүлмира ИСИМБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ВИЦЕ-СПИКЕРІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:   

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрбір отбасының, әрбір азаматтың игілігі туралы қамқорлығын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, жүргізілетін реформалардың нәтижесін қазірден бастап сезіну үшін осы бастамаларды қаржылық жағынан қамтамасыз етілгені өте маңызды. 

Депутаттар енді бюджетті пысықтап, оның әлеуметтік бөлігін қайта қарайды. «Жұмысқа әзірден кірісіп, бөлінген әр теңгені мұқтаж жандарға жететіндей етіп есептеу керек»,-дейді.   

ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Елбасы «Нұр Отан» партия жетекшісі айшықтаған нақты міндеттерді мейлінше бүкіл халыққа толыққанды насихаттап, жеткізуге өз шараларымызды белгілеп, атсалысуға міндеттіміз. Бұл жұмыста тек әрқайсымыз өзіміз елмен кездесіп, түсіндіруіміз жеткіліксіз, барлық өңірлерде, облыс, аудан орталықтарында, қалаларда, елді мекендерде, ұжымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында партия тарапынан қандай ұйымдастыру, саяси жұмыстардың өткізілеріне мән бергеніміз жөн және оны үздіксіз өткізуді біз жолға қоюымыз керек. 

Н Біләл