Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Бүгін «Нұр Отан» партиясына 20 жыл

AstanaTV
01.03.2019ж. 20:00
6661
Бүгін «Нұр Отан» партиясына 20 жыл

Бүгін еліміздегі жетекші саяси ұйым - «Нұр Отан» партиясына 20 жыл. 1999 жылы дәл осы күні партия алғашқы құрылтайын өткізді. «Отан» деген атаумен Демократиялық және ұлт бірлігі партиясы ретінде құрылды. Сол тұста Қазақстанның либералды қозғалысы және «Қазақстан -2030» даму бағдарламасы бастау алды. Партия Президенттің сайлауалды штабын құрып, ірі саяси күшке айналды. Бүгінде республика бойынша 300-ге жуық филиалы мен 5000-нан аса бастауыш партия ұйымдары бар. 2016 жылы Парламенттегі соңғы сайлауда «Нұр Отан» барлық дауыстың 80 пайызына қол жеткізді. Төменгі палатадан 84 мандат алды. 2000 жылы жастардың саяси ұйымы - «Жас Отан» жастар қанаты құрылды. 2005 жылы республика бойынша қоғамдық қабылдаулар ашылды. Оған тұрғындар кез келген мәселемен келіп, тегін құқықтық кеңес ала алады. 2017 жылы партия модернизацияны бастады. 20 партия жобасы жүзеге асты. Олар білім беру, мүгедектер мен қарттарды қолдау, бизнес пен цифрландыруды дамытуға бағытталған. Бұдан бөлек Президент биылғы XVIII съезде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың он мақсаты» партия бағдарламасы аясында 4 ірі жобаны іске асыруға тапсырма берді. Жобалар ауқымды әлеуметтік көмек пен аймақтарды дамытуды көздейді. 

А. Сейфулла