Негізгі / Жаңалықтар / «Бақуатты қоғам» бағдарламасының бағыттары

«Бақуатты қоғам» бағдарламасының бағыттары

Сонымен тапсырмаларды іске асыруға жұмсалатын триллиондаған теңге Ұлттық қордан бөлінеді. Бірінші вице-премьер, Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл әрекет жинақ қорын әлсіретпейтін және инфляцияны тереңдетпейтін көрінеді.  

Әлихан СМАЙЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Біз параметрлерді есептедік. Жалпы алғанда, Ұлттық қор тұрақты өлшемде болады. Бүгін бізде 61 млрд доллар бар. Инвестициялау саясатын жүргізіп отырғандықтан, инвестициялаудың құрылымын жақсартуды қолға алғандықтан, қосымша инвестициялық кірістердің есебінен қор жинақтау жүйесін тұрақты ете аламыз.

Маңызды дүниені тәптіштеп талдау артық емес – көп балалы отбасыларға жалдамалы пәтер мамыр айынан бастап беріле бастайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, шаршы метрі шамамен 100 теңге болады. Бір бөлмелі баспана айына 4-5 мың теңгеге шығады. 2025 жылға дейін мұндай 40 мың пәтер салынады. Оған қоса, аз қамтылған отбасыларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» екі пайызбен ипотека береді. Несие 20 жылға рәсімделеді. Бастапқы жарна 10%. Мұны көп балалы, мүгедек баласы бар және толық емес отбасылар ала алады. Бұл жерде де бір ескеретін жайт - олардың кірісі ең төменгі жалақыдан аз болу керек. Қазір ол 42500 теңгені құрайды. Екі жылда 22500 отбасы баспанамен қамтылмақ. Ол үшін бюджеттен 3 жылға 50 млрд қаржы бөлінеді.    

Роман СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Жалпы елімізде 340 мың көп балалы отбасы бар. Оның ішінде қазіргі кезде 28 мың отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, біз 7 жылдың ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтер саламыз.

Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысы 10 мың теңгеге өсіп, 41000 теңгені құрамақ. Жаңа 20789 теңгенің қандай жағдайда берілетінін айттық - оны алу үшін отбасының ай сайынғы табысы оның әр мүшесіне шаққанда сол 20789 теңгеден асып кетпеуі керек. Мысалы, төрт баласы бар үйдің отағасы мен анасы 60 мың теңгеден жалақы алады десек, қосқанда 120 мың. Оны 6-ға яғни, отбасының бар мүшесіне бөлеміз. 20 мың теңгеден шығады. Демек айлық табысы 120 мың теңге болатын 4 баласы бар шаңырақ ай сайын әр бала үшін 20789 теңге, жалпы 83 мың теңгедей жәрдемақы алып отырады.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Табысты есептеген кезде «Алтын алқа», «Күміс алқаға» алатын жәрдемақы, көпбалаға алатын жәрдемақы, мүгедектерге алатын жәрдемақы, стипендия есептелінетін. Ол қазір енді есептелмейтін болады. Сосын қазіргі көп ата-аналардың қойып жүрген сұрақтары - «Біз таңертеңнен кешке дейін мемлекеттік органдарда жүреміз, уақытымыз кетеді. Көп қағаз толтырамыз». Енді олай болмайды. Информациалық жүйе бар, электронды халық деген. Барлық мәліметті соған енгіземіз.

«Нұр Отан» партиясы мен Президент әкімшілігі бірлесіп, тиімділікті бағалау және мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жүзеге асырылуын бақылайтын орталық құруы керек. Съезде Нұрсұлтан Назарбаев осындай да тапсырма берді. Әр тоқсан сайын бағдарламаға жауаптылар партия алаңында Президентке есеп беруі тиіс. «Ал, партия халықтың мәселелерін бақылауда ұстауы керек. Қоғамдағы өткір проблемаларға шұғыл әрекет етіп, халықпен кері байланысты нығайтуы қажет», деген Президент «партияның қоғамдық қабылдаулары «қазір және осы жерде» принципімен жұмыс істейтін бірыңғай орталыққа айналуы тиіс», деді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Образ партии в глазах простых казахстанцев формируется ежедневной работой на местах. Первичные партийные организации должны стать ключевым звеном в решении локальных и региональных задач. Мы должны вести честный и открытый диалог с народом и делать все возможное для улучшения его благосостояния и качества жизни. Решение столь масштабных задач требует от партии предельной концентрации и ответственного отношения к делу. «НұрОтан» должен стать главным институтом общественного контроля.

Президент съезде қағазбастылыққа ұрынбауды ескертті. Бюрокартиядан, қағазбастылықтан арылу маңызды, әлеуметтік көмекке орай соңғы уәделерден кейін өте-мөте маңызды. Себебі көп балалы аналар жинайтын қағаздардың көптігінен шаршаған. Сонымен бірге жалдамалы пәтерде тұратындар тұрақты тіркеуі болмағасын да ала алмайды. Себебі пәтерін жалға беретіндер тұрғызбайды. Тұрғызса да, ақшасына. Сондықтан мұндай отбасыларына уақытша тіркеу арқылы ма екен, әйтеуір бастарын қатырып, әуре-сарсаңға салмай, жәрдемақы тағайындалуы керек.