$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Шығыс Қазақстан облысында өзендегі мұзды жара бастады

AstanaTV
04.03.2019ж. 20:00
3279
Шығыс Қазақстан облысында өзендегі мұзды жара бастады

Шығыс Қазақстан облысында өзендердің бетіндегі мұзды жару жұмыстары бастады. Төтенше жағдай мамандары бұл су тасқынының алдын алу үшін жасалып жатқан амал екенін айтты. Шемонайха ауданындағы Үлбі өзенінің бетінде мұз қалыңдығы шашамен 70 см-ге жеткен.  Қауіптің алдын алу үшін аймақтағы барлық өзендер бақылауға алынып, карта түзіліп, жару жұмыстарының кестесі сызылған. Негізгі мақсат - судың кедергісіз ағуына мүмкіндік жасау. Құтқарушылар жақын маңдағы тұрғындар мен мекеме басшыларын сақтық шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ, балықшыларға да мұзға шықпағаны жөн деп отыр. Қазір Бұқтырма су қоймасында да қауіп жоғары. Соған қарамастан адамдар мұз үстімен жүруін қояр емес. Өткен демалыста бірнеше көлік мұз астына кетті. Абырой болғанда адамдар аман. Айта кетейік, өңірде жауын жауып, күндіз сынап бағанасы +5 градусқа дейін көтерілуде.  

А. Төребекқызы