Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Филиппин әуежайында скотчқа оралған 1500 тірі тасбақа табылды

AstanaTV
05.03.2019ж. 20:00
3180
Филиппин әуежайында скотчқа оралған 1500 тірі тасбақа табылды

Филиппин әуежайында скотчқа оралған 1500 тірі тасбақа табылды. Олар 4 шабаданға салынған. Бұл тасбақалардың сирек кезедсетін түрі болып шықты. Тергеу кезінде шабаданды Гонконгтан келген Филиппин азаматы қалдырғаны белгілі болды. Тасбақалардың құны 86 мың долларды құрап отыр. Филиппинде оған сұраныс жоғары. Өйткені, көбі экзотикалық үй жануары ретінде сатып алады. Ал, кейбір Азия елдері халық медицинасы және азық үшін қолданады. Әуежайда табылған жүкті қожайыны аса қатаң жауапқа тартылатынын білгесін тастап кеткен. Енді ол 2 жылға түрмеге қамалып, оған қоса 3 700 доллар айыппұл төлеуі мүмкін.   

Рохелио ДЕМЕЛЬТЕС, ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БЮРО БАСШЫСЫ:  

Оларды әкелген кісінің ешқандай құжаты болмаған. Кейбір тасбақалар жоғалудың алдында тұр.

Г. Меңдеева