Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Маңғыстау облысында газ тартылмаған ауылдар бар

AstanaTV
07.03.2019ж. 20:00
4599
Маңғыстау облысында газ тартылмаған ауылдар бар

Мұнайлы өңір Маңғыстау облысындағы Баянды-3 аулында 15 үй газсыз отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Орал қаласынан көшіп келген жас маман Айнагүл Есенғалиева үйін пеш жағып жылытады. Ай сайын отын сатып алуға 50 мың теңге шығындап отырғанын айтып, қоныс аударып келгеніне өкінетінін білдірді. Әкімдік көгілдір отын тартылады деп үш жылдан бері уәде етіп келеді екен. Бірақ ауылдағы бір көшеге әлі күнге дейін газ тартылған жоқ. Ал көрші Баянды-2 ауылында 35 үй қатты отын жағуға мәжбүр.  

Айнагүл ЕСЕНҒАЛИЕВА, БАЯНДЫ-3 АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осында тұрып жатқанымызға 3-4 жылдай болып қалды. Газ өндіріп отырған елде тұрамыз. Бірақ бізде ол жоқ. Көшіп келгеніме өкінемін. Құбыр тартуға әр үй 500 мың теңгеден шығарсын деген. Біз оған келіспедік. Ондай ақшамыз жоқ.

Несібелі ОСПАНОВА, БАЯНДЫ-3 АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аяқ киім жағамыз, тезек жағамыз, бәрін жағып жатырмыз. Балаларымыз күйіп қалайын деп жатыр. Отқа түсіп жатыр. Бізге газ керек. Бізге жол керек. Бізге свет керек.

Ал жергілікті билік енді екі жыл күту керектігін айтады. Әкімнің сөзінше, 2020 жылға Баянды-4 ауылын салып, оны газбен жабдықтау жоспарланып отыр. Сонда аталған екі ауылдағы үйлерге де көгілдір отын кіргізілмек.

Рахмет ТАЙМҰРАТОВ, БАЯНДЫ АУЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Алдымен қаржы аударылысын. Сосын бірден Баянды-2 мен Баянды-3 ауылдарын газбен жабдықтаймыз. Кезінде халық сұраған соң, жобада болмаса да жер бере бергенбіз. Сондықтан бұл үйлерде газ жоқ.

Д. Қайыртай