$522.91 €548.85 ₽5.05
×

«Nur Otan» партиясы аналарды мерекемен құттықтады

AstanaTV
07.03.2019ж. 20:00
4167
«Nur Otan» партиясы аналарды мерекемен құттықтады

«Nur Otan» партиясы көпбалалы аналарды 8 наурыз мерекесімен құттықтау шарасын бастады. Ақтөбеде партиялықтар ұзақ жасаған қарияларды құттықтаса, Астанада көпбалалы аналар ілтипатқа бөленді. Биыл жазда104 жасқа келетін Жақыбай Бисенғалиева Хромтау ауданында туып өскен. Жастайынан ауылда еңбекке араласып, соғыс жылдары бір өзі күніне отыз сиырға дейін сауыпты. Еңбекқорлығы үшін «Еңбек ері» медальімен марапатталған. Айта кету керек, Ақтөбе облысында жүзден асқан он төрт қария бар.   

Жақыбай БИСЕНҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНЫ:

Енді қазір көрші-көлемге де, келін балаға да, қыздарға да ұлдарға да көргенімді айтып, әйтеуір тәртіпті болыңдар, міңезге бай болыңдар. Мінезге бай болу керек негізі. Ал жас уақытта істемеген жұмысымыз жоқ. Тракторда айдадық. Соның барлығына төздік.

Мереке қарсаңында көпбалалы аналар да елеусіз қалмады. Астаналық көпбалалы ана Зарина Байтенованы партиялықтар құттықтады. 9 шаршы метр бөлмеде тұрып жатқан отбасына Астана қалалық мәслихаты депутаты Қайырлы Таукен азық-түлік, киім-кешекпен жәрдемдесті. Отанасы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында болып, көмек сұраған болатын. Ал ең бастысы үйге кезекке тұру қажеттігін және көп балалы ана ретінде жәрдемақы алу жолдарын түсіндірді.

Қымбат БУЛАНБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Олар Қарағанды облысынан тіркеуден шықпаған. Өйткені бұрын сонда ата-анасының үйіне тіркеуде тұрған. Сондықтан балаларға жәрдемақыны сол жақтан алып отыр. Мен оларға қазіргі күні уақыт жоғалтпай көпбалалы ана ретіңде тіркелу керек екендігін айттым. Өйткені олар қазір уақытша тіркеуде тұр. Уақытша тіркеумен отбасының мәселелері шешілмейді.

Б. Рахметова