Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Таразда тұрғындар қарсылығына тап болған соң көпқабатты үйлер бұзылмайтын болды

AstanaTV
13.03.2019ж. 20:00
3500
Таразда тұрғындар қарсылығына тап болған соң көпқабатты үйлер бұзылмайтын болды

Таразда тұрғындар қарсылығына тап болған соң көпқабатты үйлер бұзылмайтын болды. Бұрынғы «Көк базар» маңындағы үйлер- сол қалпында қалмақ. Бірақ, ғимаратқа жапсарлас салынған жабайы базар түгелдей сүріледі.   

Нұржан ӘБІЛЕШОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

«Арбаттың» жобасы қайтадан өзгертіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеттері қайта жаңғыртылатын болады. Айта кетер мәселе үйдің сыртында коммерциялық нысан ретіндегі ғимараттар бар. Олар мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын болады. Жапсарлас құрылыс болып соғылғандар. Үйдің өзінің көлемі қалады.

Айта кетейік, қала билігі шаһардың қақ ортасындағы 3 қабатты 5 үйді бұзып, орнына «Арбат» саламыз деген еді. Тіпті, 70 пәтерлі үй тұрған жер мемлекет мұқтаждығына алынады деген қаулы тұрғындарға таратылған. Бұған келіспегендер шу шығарды. Тұрғындар бұл жер- баспана ғана емес, оларға күнкөріс көзі екенін айтады. Яғни, бірі дәріхана, бірі шаштараз ашып, бизнеске айналдырған.  

Д. Әлімқұл