Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Н. Назарбаевтың Жарлығымен Ғ. Нұрдәулетов Бас Прокурор қызметіне тағайындалды

AstanaTV
18.03.2019ж. 20:00
4241
Н. Назарбаевтың Жарлығымен Ғ. Нұрдәулетов Бас Прокурор қызметіне тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Бас Прокурор қызметіне тағайындалды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ол 2017 жылы шілде айынан бері Бас Прокурордың бірінші орынбасары болған. Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы, Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. 1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар, департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.  

М. Дюсекина