$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тұңғыш Президенттің Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы бар

AstanaTV
20.03.2019ж. 20:00
3902
Тұңғыш Президенттің Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы бар

Тұңғыш Президенттің Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы бар. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесі туралы заңда жазылған. Былтыр шілденің 5-і күні консультативтік-кеңесші орган үйлестіруші конституциялық органға айналды. Бұл органның мәртебесі жоғарылағанын көрсетеді. Қауіпсіздік Кеңесінің функциясына құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; мемлекеттік бағдарламаларға, заң жобаларына, маңызды деген сыртқы саяси және мемлекеттік бастамаларға бағалау жүргізу және оған жұмсалатын қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылау кіреді. Және орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылай алады. Ал кеңес қабылдаған шешiмдерді мемлекеттiк органдар орындауға мiндеттi. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесінің қатарында 12 адам бар. Шешім көпшілік дауысымен қабылданады. Ал дауыстар тең түскен жағдайда соңғы нүктені Төраға қояды.

Ә. Өмірзақ