Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінде арнамыз «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жеңіске жетті

AstanaTV
21.03.2019ж. 20:00
4698
«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінде арнамыз «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жеңіске жетті

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінде арнамыз «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жеңіске жетті. «Біз біргеміз. Ана үйі» деп аталатын деректі фильмдер топтамасы тағдырдың тәлкегіне ұшырап, жалғыз қалған жас аналардың шынайы оқиғаларын суреттейді.

Илхам Ибрагимов, «АСТАНА» ТЕЛЕАРНАСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Астана телеарнасы әлеуметтік жобаларға аса басымдық береді. Біз төрт жоба ұсынсақ, бүгін осының үшеуі үміткер болып ақтық сынға шығып отыр. Біреуі «Тұмарды» иеленді. Бұл біздің шабатымызды одан әрі шалқытып, журналисттеріміздің жүрегін жүрдек ете түседі деп айтуға болады. Мерекелеріңізбен!

Биыл 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан конкурста 300-ден аса жоба 9 номинация бойынша бақ сынады. Айта кетсек, өткен жылы да арнамыз «Үздік телевизиялық сериал» номинациясында жеңіске жеткен болатын.

Ә. Өмірзақ