$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда бауырсақ көрмесі өтті

AstanaTV
22.03.2019ж. 20:00
6749
Қостанайда бауырсақ көрмесі өтті

5 күндік демалысқа шыққан қазақстандықтар өңір-өңірлерде Ұлық мерекені тойлап жатыр. Аймақтағы тілшілеріміз жылдағыдан ерекшеленген шараларды көрсетіп, жұрттың көңіл-күйін де жеткізуге дайын. Бүгін Алматыдағы әр ауданында мереке тойланып жатыр. Біз басты алаң - «Астанада» тұрмыз. Жұрттың көңіл-күйі ерекше. Халық әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне қанығып, қол өнер шеберлерінің туындыларын тамашалап жүр.  

Сабыржан МОЛДАХАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Қыстан аман есен шығып, көгеріп, елдер, адамдар, табиғат құлпыратын уақыт қой наурыз деген. Біз декабрьді емес, осы уақытта атап өтуіміз керек жаңа жылды.

Этно-ауылдағы түрлі кереметті тамашалуға болады. Кестелі орамалдар, көздің жауын алар көрпелер, қыран ұстаған бүркітшілер мен ұлттық тағамдар да осында.  

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ:

Шараның басы-қасында жүргендер, осы мереке күндері 60 тонна бауырсақ пісіруді жоспарлапты. Жоспарды орындау бүгін басталып кетті. Міне, Алматы халқы күн мен түннің теңескен, жер ананың бусаған шағын осылай мерекелеп жатыр. Кезекті Тобылдағы әріптесім Заңғарға берейін! Заңғар!

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: 

Рахмет, Олжас! 60 тонна бауырсақ пісіруді бастап кетсеңдер, ал бізде биыл бірінші рет бауырсақ көрмесі өтті. Бұл шараға қалалық кітапхана қызметкерлері мұрындық болыпты. Тұрғындар бауырсақтың жеті түрін алып келген.

Сандуғаш ОМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен бүгін жол бауырсақты дайындап әкелдім. Біздің халқымыз баурысақпен қонақты қарсы алып, осы ақ жол болсын деп, жолдары оң болсын деп осы жол бауырсақ істеп әкелдім.

Көпшілік шөл басатын «ши бауырсақ», айран мен жұмыртқа, ірімшік пен бал қосылып жасалатын «тұш бауырсақ», бармақ пен жантақ және домалақ бауырсақтың дәмін татты. Көрмені ұйымдастырушылар ұмытылып бара жатқан көне тағамның түрі «ақ баурысақты» да ала келіпті. 

Айгүл ЕДІРЕСҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫ: 

Наурызда қазақтың ұмытылып бара жатқан ең қазақтың ұлттық тағамының бірі баурысақтың 7 түрін біз халыққа насихаттап көрсеттік. Мұнда ең ұмытылып бар жатқан баурысақ түрі «ақ бауырсақ». Ақ бауырсақты жылы суға тұз май ғана қосып ашытқы қосып, 5-6 сағаты ашытып барып пісіреді.

Қостанайда биылғы наурыз мерекесі бұрыңғыдан өзгерек өтті. Күн шуағын төгіліп тұрғандықтан жұрттың көңіл-күйі де ерекше. Орталық алаңда тігілген ақшаңқай кигіз үйлер есігін айқара ашып, көпшілік наурыз көженің дәмін татты.  

Қостанай өңірі жыл сайын қазақыланып келе жатқаны байқалады. Бұрыңғыдай емес рухымыз мықты.

Әрбір киіз үйдің есігі ашық. Тегін беріліп жатыр барлығы. Соның халық, әсіресе үлкен кісілер риза болып жатыр. Өте ерекше Қостанайдың өзінде.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: 

Қалың жұртшылық қала орталығындағы түрлі спорттық шараларға да қатысып, бақ сынап жатты. Мереке құтты болсын! Сөз кезегін кеншілер қаласындағы әріптесім Айжан Қуашқа берейін! Айжан...

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Рахмат, Заңғар! Қарағандының орталық саябағында да киіз үй қаз-қатар тігілген, барша жұрт Наурыз көжеден дәм татып жатыр. Дегенмен мені қызықтырған - киіз үйдің біріндегі қазақтық ұлттық құрал-жабдықтарының көрмесі болды.

Қазақта қамшы- биліктің символы болыпты. Мұнда әр қазақтың үйінде ілулі тұратын қасиетті қамшы туралы жан-жақты ақпарат алуға болады. Өлкетану мұражайының қызметкерлері келушілерге өгіздің терісінен жасалатын қамшының біз білмейтін түрі көп екенін жеткізді.  

Дархан ШАШЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ- ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қамшыларды осындай қайыстардан әртүрлі өрімдермен өрген. Мысалы, 4 өрім, 6, 8 таспа қамшы. 12 тіпті 32 - ге дейін. бұл қамшылардың түр- түрі болады. Мысалы, дырау қамшы, дойыр қамшы деген мысалы. Әр түрлі түрлері болған.

  Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, қамшы түрлері, ол ер азаматтың жас ерекшелігі мен ортасындағы мәртебесін көрсеткен. Дегенмен, мамандар ұлттық нақыштағы заттарға көпшіліктің қызығушылығы жоғары екенін айтады. Өйткені мұнда келушілер бір сәтте саябырсымады деп отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары бұдан бөлек, ұлттық спорт түрлерін тамашалады. Алтыбақан теуіп, ән мен биге қосылды.  

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Осылайша кеншілер шаһары Наурыз мейрамын 26-на дейін тойлауды жоспарлап отыр. Мереке күндері қаламыздың барлық аудандары мен мәдениет алаңдарында наурыз көже пісіріліп, қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылмақ. Ұлық мерекеде ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілек білдіргіміз келеді.

О. Нұржақып