Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Астана атауының өзгеруіне қатысты процедуралар Конституция шеңберінде өткізілді - Мәжіліс депутаты А. Жайылғанова

Астана атауының өзгеруіне қатысты процедуралар Конституция шеңберінде өткізілді - Мәжіліс депутаты А. Жайылғанова

Астана атауының өзгеруі Ата заң шеңберінде өткізілді. Мәжіліс депутаты, бұрынғы Конституциялық кеңес мүшесі Анар Жайылғанова осылай деді. Ол Елордадағы әрбір ғимараттың тұрғызылуына Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласқанын айтып, бастаманы қолдау керектігін жеткізді.  

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Президенттің өзі емес оны, бұл мәселені Үкімет заң жобасын бізге кіргізген болатын. Үкіметтің конституцияның 61-бабы бойынша осындай құзіреті бар. Қазіргі Президентіміз осы мәселе бойынша Конституциялық кеңеске 91-бабқа сәйкес жүгінген болатын. Конституциялық кеңестің бұл мәселе жөнінде арнайы осындай мәселені парламентке жіберуге болады деген шешімі де бар.

Әділ ҚОЖЫҚОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТАЛДАУ, БОЛЖАУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Парламенттің Астанаға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешімі - Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сіңірген еңбегінің көрінісі. Ол елорданы Астанаға ауыстыру туралы бастама көтерген адам. Сондықтан Парламенттің шешімі заңдылық деп есептеймін.

Д. Қайыртай