Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан астанасының «Нұр-Сұлтан» қаласы болып өзгеруі тарихи сәт

AstanaTV
22.03.2019ж. 20:00
5319
Қазақстан астанасының «Нұр-Сұлтан» қаласы болып өзгеруі тарихи сәт

Қазақстан астанасының атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту, ол Елбасының 30 жылда жасаған еңбегіне құрмет, әрі мол алғыс! «Нұр Отан» партиясының белсенділері бұл өзгерісті құптайды. 

Ақгүл ЖӨКЕТАЕВА, «БІРЛІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазіргі әлемді мойындатқан жаңа қалаларымыздың бірі - Астана. Бұл Астананың тарихи жолындағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі зор. Сондықтан қала атауын «Нұрсұлтан» деген есіммен қойылуын қолдап, қойылуына мен өз пікірімді білдіріп, соған лайықты деп санаймын.

Санира ЖҮСІПОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «ЖАС ОТАН» ЖҚ ПОФ ТӨРАЙЫМЫ:

Өз басым қолдаймын. Бұл біздің Елбасыға деген кішігірім алғысымызды білдіру. Бүгінгі таңда біз Елбасы бағдарымен жұмыс жасауға дайынбыз. Өте қуанышты Елбасы «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып қалып жатыр. Бүгінгі таңда үлкен ықпалмен жастар жылын үлкен деңгейде және Елбасымен бірге бағдарды жалғастыруға дайынбыз.

Ө. Қуанар