Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы зообағы бизнеске пайдаланған аланды емдеп, қатарға қосты

AstanaTV
26.03.2019ж. 20:00
3787
Алматы зообағы бизнеске пайдаланған аланды емдеп, қатарға қосты

Алматы зообағы ескі қожайыны бизнеске пайдаланып, ақша тапқан арыстанның күшігін емдеп, қатарға қосты. 6 айлық алан бір жарым ай бұрын баққа қоныстанған. Жаралы арыстанға арнайы күтім көрсетілді. Жыртқыш зообаққа еттің де дәмін білмей түскен. Әріптесім Олжас Нұржақып аланның қазіргі күйін өз көзімен көріп қайтты.  

Мына аумақ алты айлық аланның жаңа үйі. Ол осыдан бір жарым ай бұрын осы зообаққа әкелінген. Есімі - Мая. Бұрынғы иесі күшікті түрлі түсірілімдерге жалға беріп, қоғам белсенділерінің ашуын тудырған еді. Кейін еріктілер жыртқышты құжатсыз пайдаланған қожайыныннан тартып алып, жануарлар саябағына өткізген болатын. Алғашқы күндері адам қарасынан қашатын, жануар қазір көпшілікке үйренген. Зообақ ветеринары аланды алып келгенде бір аяғы жараланған, әрі құнарсыз тағамнан ауруға шалдыққанын айтады. 

Барфин АХМАД, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАНУАРЛАР САЯБАҒЫНЫҢ ВЕТЕРИНАР ДӘРІГЕРІ: 

Басында аланның жағдайы мүлде нашар болды. Жаралы, әлсіз. Қатты қорқыныштан ба адамнан үрке қашатын. Біз екі апта бойы түрлі ем-дом жасап, үйреттік, бақтық. Табаны жарылған екен. Оны да емдеп шықтық. Қазір жақсы. Осы секция жетекшісі оның құдды бір әкесіне айналғандай. Сол азаматты қатты жақсы көреді.

Зообақ қызметкері Дәурен Кенжебаев қазір көп уақытын аланмен өткізеді. Ол жыртқыштың оңалып, қалғанына қуанышты. Аң патшасы басында еттің де дәмін білмепті.  

Дәурен КЕНЖЕБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАНУАРЛАР САЯБАҒЫ ЖЫРТҚЫШ АҢДАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Алғашқы келген кезде мұның диагнозы рахит болды. Өте жай қозғалып, әртүрлі дәрілердің, витаминдердің арқасында қазіргі таңда жағдайы өте жақсы деп айтуға болады. Мая өзі күнді жақсы көреді. Және де бізбен ойнап, әртүрлі жаттығулар жасап бізбен бірге. Әсіресе, ер азаматтарды жақсы көреді. Соларға жүгіреді, солармен ойнағанды жақсы көреді.

Әзірге алты айлық алан жеке қоршауда дәрігерлер бақылауында. Толық жағдайы оңалған соң зообақтың байырғы тұрғыны 8 айлық Хабибтің қасына қосфлады. Саябақ қызметкерлері екі африкалық арыстан бірге өссе, болашақта олардан керемет жұп шығады деп сенімді. 

О. Нұржақып