$489.36 €533.45 ₽4.99
×

Шымкентте 10 айлық нәрестеге клизма жасаймын деп күйдіріп қойды

AstanaTV
02.04.2019ж. 20:00
5964
Шымкентте 10 айлық нәрестеге клизма жасаймын деп күйдіріп қойды

Шымкентте 10 айлық сәбидің неліктен күйіп қалғаны белгілі болды. Ауруханаішілік тексеру кезінде медбикелердің судың температурасын өлшемегені анықталған. Қазір осы жағдайға жол берген үш бірдей қызметкер жұмыстан шеттетілді. Оның екеуі тікелей клизма жасағандар. Ал дәрігерлер бөбектің жағдайы біртіндеп жақсарып келе жатқанын көңілге медеу тұтып отыр.  

Әкесінің айтуынша, 10 айлық бөбегі жұқпалы аурулар ауруханасына 25-наурызда жедел респираторлы вирус диагнозымен түсіпті. Үш күнде тәуір болған. Шығарардан бір күн бұрын анасы ұлының іші қатып қалғанын айтып дәрігерге шағымданыпты. Сәбиге ішекті тазалау үшін клизма тағайындаған. Медбике тоқ ішекке ыстық су жіберген дейді оның әкесі.  

Ерболат СӘМЕН, ӘКЕСІ: 

Әйелімнің аяғына ыстық су тамып кеткен кезде білген, бала үлкен дәретке отырған, сол баланың ішінен шыққан су. Сразу қан шыққан ғой араласып, терілері араласып шыққан да ішінен. Сол, қазір баланың денсаулығын қойып берсін. Басқа айтарым жоқ. Қан шығып жатыр деді. Үлкен дәретке отырса, ал кіші дәретсе отырса қиналып, терлеп сиеді дейді. Жылайды дейді шыңғырады. 

Аурухана басшылығы қызметкерлерінің қателігін жасырмайды. Медбикелер судың температурасын өлшемеу салдарынан баланы күйдірдідеп отыр. Әдетте ішекті шаятын қайнаған су әрі кетсе 33 градус жылы болуы тиіс деді. Бірақ, тікішектен жіберілген су 50-60 градус ыстық болған. Дейтұрғанмен сәби денсаулығы қазір бірқалыпты, ол жіті бақылауда деген мамандар бөбектің әлі-ақ жазылып кететініне сенімді.  

Амангелді НҰРЛЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 

10-15 күнде өзіне келеді. Ешқандай бұнда ослежнение де ешнәрсе де қалмайды бұл науқаста кейін. -яғни тікішегіне, басқа да органдарына зақым келген жоқ па? - Келген жоқ. Өйткені оны хирург көріп өтті. Хирургтың бақылауында біз бірінші күннен жүргізіп жатырмыз. Ол жақта ешқандай не жоқ, ягодицасында ғана деген комбустиолог бізге көрсетіп беріп кетті , ожог кипятком 1-2 степени, 1 процент поверхности тело.

Клизманы екі медбике жасаған. Оның бірі үш ай бұрын жолдамамен жұмысқа тұрған жас маман. Ал екіншісінің он жылдық тәжірибесі бар.  

Ғалымжан ӘБІШЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

Бала жатқан 7-ші бөлімшенің екі медбикесі және аға медбикесі жұмыстан шеттетілген тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін. Ал енді аурухананың медицина қызметкерлерінің, ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты қабылданатын шаралар осы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тексеруі аяқталғаннан кейін хабарланатын болады.

Жұмысына салғырт қараған аурухана медбикелерінің бұл әрекеті елдің бас дәрігерінде бей-жай қалдырмады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өзі бұл істі бақылауына алыпты.  

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасы Жандарбек Бекшинге тапсырма бердім. Бұл жағдай бойынша арнайы тексеріс өткізіп, халыққа жеткіземіз. Стандартты бұзушылық немесе мейірбикелердің жұмыс тәртібін бұзушылығы болса арнайы жауапкершілік мәселесі шешілетін болады. Мен оны өзім бақылауда ұстаймын.

Елжан Біртанов аймақтардағы көп медбикелердің білімі жеткіліксіз екенін жоққа шығармайды. Айтуынша елде 60 жеке меншік медициналық колледж бар, оның тең жартысы жеке меншікте. Сол оқу орындарынан амалын тауып диплом алған тәжірибесіз мамандарды жұмыс істеуіне тосқауыл қоямын деп отыр. 

Айта кетейік, сәбидің әкесі бүгін полицияға арыз түсірді. Бұл факті бойынша полиция да айналыспақ. Ал нәрестенің өзі түсауа облыстық балалар ауруханасына ауыстырылғаны белгілі болды.  

А. Төребекқызы