Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Украина Презиендті Петр Порошенко Зеленскийге қарсы дебатты стадионда өткізуге келісті

AstanaTV
04.04.2019ж. 20:00
2275
Украина Презиендті Петр Порошенко Зеленскийге қарсы дебатты стадионда өткізуге келісті

Украина Презиендті Петр Порошенко Зеленскийге қарсы дебатты стадионда өткізуге келісті. Бұл туралы ол өзінің твиттерінде жазды. Қос кандидаттың ойыны сайлаудың екінші турында 70 мың адам сиятын Киевтегі «Олимпийский» стадионында өтеді. Қазіргі президент заң бойынша үміткерлер арасында пікір сайыстың телестудияда өту керегін, бірақ, Зеленский үшін алаңда өткізуге келісікенін айтты. Еске сала кетсек, Порошенко бірінші болып Зеленскийді екінші тур алдында дебат ойнауға шақырған. Зеленский әлеуметтік желіде бейнеролик жариялап, дебат десек тек стадионда, халықтың алдында өтсін деген болатын. 

ПЕТР ПОРОШЕНКО, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ: 

Пікір сайыс ережелері президент сайлауы туралы заңда жазылған, оқыңыз. Пікір сайыс телестудияда өтіп, миллиондаған адамға телеарналар арқылы таратыла алады. Бірақ, стадион десеңіз, стадион болсын! Мен сізді күтемін, Владимир Александрович.

Бүгін Украина Орталық Сайлау комиссиясы сайлаудың нақты нәтижелерін жария етті. Нәтижесінде халықтың басым дауысына актер, шоумен Владимир Зеленский ие болды. Енді 21 сәуір күні қос кандидат саулаудың екінші турында кездеседі. 

А. Өмірзақ