Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар локомотив машинисі қызметін жалғастыруда

AstanaTV
04.04.2019ж. 20:00
2057
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар локомотив машинисі қызметін жалғастыруда

Сыр өңіріндегі локомотив пайдалану депосы қызметкерлерінің 73 пайызы-машинистер. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі жандар да өзгелермен иық тірестіріп еңбек етуде. Бүгін «Nur Otan» партиясының мүшелері теміржолшылармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Қазір мұнда екінші және үшінші топтағы жеті мүгедек жұмыс істеп жүр. Партия өкілдерінің айтуынша қамкөңіл жандардың әрқайсысының тағдыры жастар үшін жарқын үлгі. Мысалы, Болат Қалмахановтың жұмыс өтілі қырық екі жылға жуықтаған. Туғаннан тұл жетім ол локомотив машинисі боламын деген арман жолында талай қиындықтардан өтіп, небір сынақтарды бастан кешіпті. 1981 жылы өндірістік жарақаттың салдарынан қолынан айрылды. Соған қарамастан, еңбек жолын жалғастырып келеді. Бүгінде тек резерв бригадасының бастығы әрі өндіріс озаты ғана емес, көп балалы отағасы. Болат өз балаларымен қатар тағы бір отбасының алты жетімін тәрбиелеп отыр. 

Болат ҚАЛМАХАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫН ПАЙДАЛАНУ РЕЗЕРВТІК БРИГАДАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:  

Жетім тағдырын білгеннен кейін өзімнің қолымда өсіп жатыр, жақсы, жақсы оқиды. «Nur Otan»-ның жолдамасымен, қамқорымен, әйтеуір, біраз жерлерді көріп, біліп, танысып, осындай мәртебеміз өсіп жатыр ғой, Құдайға шүкір. Еңді үйдегі жетім балдарға квартира алсақ деген үміттеміз.

Базара ТАҢБАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «ТЕМІРЖОЛ» ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ең бірінші кезекте, әрине, мүмкіндігі шектеулі жаңдардың түрлі жағдайда өңдірістік жарақат алып, мүгедектікке шықсада жұмысын жалғастырып отырған машинистердің, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы қалай, оларға жасалған кедергісіз ортаның қалай жасалғаның көзбен көріп, танысу үшін мақсатында бүгін машинистермен кездесіп жатырмыз.

З. Санай