Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Копенгаген зообағы Қытайдан 2 панда алады

AstanaTV
04.04.2019ж. 20:00
4911
Копенгаген зообағы Қытайдан 2 панда алады

Дания астанасына пандалар келмек. Копенгаген зообағы Қытайдан 2 панда алады. Қазір оларға арнап жаңа үй құрылысы басталып кеткен. Ченду қаласынан келетін сүйкімді жануарлар 4-5 жаста. Есімдері - Син Эр және Мао Эр. Зообақтағы үй Қытайдың Инь-Ян философиялық дәстүріне сай жасалған. Жануарларға жайлылық сыйлау үшін тіпті бөлме температурасы да бақылауға алынады. Ал даниялықтар панда азығын алыстан іздеп әуре болмайды. Жергілікті билік Копенгагеннің оңтүстігінен шамамен 100 шақырым жерге бамбук ағаштарын отырғызыпты. Қазір тұрғындар сүйкімді қонжықтардың келуін тағатсыздана күтіп жүр. Тіпті зообаққа кіретін алдын-ала билет алып қойыпты.  

Томас, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: 

Копенгагендегі зообаққа пандалар әкелетінін қазір білдім. Оларды асыға күтіп жүрмін. Баққа кіретін жылдық абонемент сатып алып қойдық. Пандалар - жер бетіндегі ең сүйкімді жануарлар.

А. Бектас