Жамбыл
облысында автобус апатынан бір адам қаза тапты. 40-қа жуық адам жарақат алған.
Оның тоғызы
ауруханаға жатқызылды. Оқиға таңғы сағат 3-тер шамасында «Батыс Еуропа-Батыс
Қытай» автожолы бойында, «Айша бибі» ауылы маңында болған. Оқиға орнына 13
жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Алматыдан Шымкентке бағыт алған автобус жол
жиегіне аударылады.
Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлікті
басқарған 38 жастағы азамат қамауға алынды. Тәртіп сақшыларының болжамына сай,
автобус қарсы бағытқа шығып кеткен. Қаза тапқан жолаушыға қатысты ақпарат
тергеу құпиялығына байланысты айтылмай отыр. Зардап шеккендер арасында
Өзбекстан азаматтары да бар.
Ерлан Түлеев, аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі:
21-і амбулаториялық көмек көрсетілді жарақат пунктінде. Гипс салынды. Операция жасалды. Дәрі-дәрмек егілді. 9 адам больницаға жатқызылды. Өкінішке орай, біреуі қайтыс болып кетті. Өте ауыр жарақаттармен. Бір сағат өмір сүрді де, құтқара алмай қалдық.
София Нұржанова, куәгер:
Бәрі
құлады ғой. Анау адамдар астында қалды. Жолдағы адамдар домкрат әкелді. Өйткені
көтере алмады. Домкратпен көтеріп шығардық. Бастырылып қалған. Почти бәрі
бастырылып қалған. Қанша кішкентай сәби
болды.