Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ертеңнен бастап ресми түрде Президенттікке үміткерлерді ұсыну басталады - М. Споткай

AstanaTV
09.04.2019ж. 20:00
2911
Ертеңнен бастап ресми түрде Президенттікке үміткерлерді ұсыну басталады - М. Споткай

Ал, ертеңнен бастап ресми түрде Президенттікке үміткерлерді ұсыну басталады. Елдегі ең ірі саяси ұйым «Nur Otan» партиясынан кандидат қалай ұсынылады? Бұл туралы «Нұр-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары Максим Споткай айтып берді. Ол кандидатты ұсынуға Бастауыш партия ұйымдары да құқылы. Сондай-ақ партия төрағасы да өзі таңдаған адамның бірін ұсына алады деді. Ал нақты шешім партия съезінде қабылданады.  

Максим СПОТКАЙ, «НҰР-МЕДИА» ХОЛДИНГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біздің съезд сайлау туралы заңда белгіленген мерзімде өткізіледі. Ертеңнен бастап кандидаттарды ұсыну басталады. Орталық сайлау комиссиясында белгілеген уақыт шеңберінде біздің партия кандидатты анықтайтын болады.  «Сайлау туралы» заңда үміткерді ұсыну  «сайлауға екі ай қалғанда» аяқталатыны айтылған. Бұл ретте екіден кем кандидат тіркелген болса, Орталық сайлау комиссиясы мерзімді тағы 20 күнге ұзартады 

«Nur Otan»-дықтар толығымен Президенттің шешіміне қолдау білдіріп отыр. Сайлаудың алдын ала өтуі тұрақтылық кепілі және үздіксіз дамуға өз септігін тигізеді, дейді.  

Ғалымжан ӨТЕЛБАЙҰЛЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Бұл өте орынды шешім деп ойлаймыз. Және бұл шешімді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен келісі отырып, және халықтың ішін аралап отарып жасағанын айтып отыр. Бұл ел арасындағы түрлі ой-пікірлерге нүкте қоятынын айтып отыр. Мен осы пікірлермен келісемін.  

А. Өмірзақ