Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Үлкен ауылының тұрғындары Атом электр стансасының құрылысын асыға күтіп отыр

AstanaTV
12.04.2019ж. 20:00
3771
Үлкен ауылының тұрғындары Атом электр стансасының құрылысын асыға күтіп отыр

Атом электр стансасын салу жоспарланып отырған Алматы облысы Үлкен ауылы тұрғындары құрылыстың басталуын асыға күтіп жүр. Бұл елді-мекен 80-ші жылдардың аяғында қала типінде салыныпты. Тұрғындардың басым бөлігі энергетиктер, құрылысшылар. Әу баста 10 мыңға жуық адам тұрған ауылда, бүгінде 2 мыңға жуық халық қалған.  

Болаттай РАҚЫМОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ҮЛКЕН АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Осы жер бас жоспар бойынша 25 мың халыққа арналған. Біздің тұрғанымыз бір ғана ықшам аудан. Сол, именно энергетиктер орталығы қыламыз деп. Тиімді жағы оңтүстік пен солтүстіктің ортасы. Бұл жердің халқы сол жылдары үлкен алып құрылыс болады деп көшіп келген. Содан қалғандары осы. Сол қандай құрылыс болады деп күтуде.  

Біздің тілшілер алып жоба бой көтеруі мүмкін Балқаш көлі аумағына барып келген. Ондағы тіршілікпен танысып қайтты. Бұл жайында толығырақ сенбі күні «Біздің уақыт» бағдарламасында толығырақ баяндайтын боламыз. 

О. Нұржақып