Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан хакерлер шабуылына ұшырайтын топ-15 елдің қатарына кірді

AstanaTV
12.04.2019ж. 20:00
2609
Қазақстан хакерлер шабуылына ұшырайтын топ-15 елдің қатарына кірді

Қазақстан хакерлер шабуылына ұшырайтын топ-15 елдің қатарына кірді. «KASPERSKY» зертханасы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша еліміз тізімде 11-ші орында тұр. Бұл дегеніміз, кәсіпорындардағы әрбір 2-ші компьютер зиянкес бағдарламалар шабуылына ұшыраған деген сөз. Мамандардың пайымыша, негізінен Интернет, флешкалар және электронды поштадан қауіп көп. 2018 жылы өндірістік компаниялардың электронды пошталары арқылы жасалған шабуылдың басым бөлігі вирусталған жалған хаттар үлесінде.  

Әсел ӘБУТӘЛІП, «KASPERSKY LAB» КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Фишингтік шабуылды алсақ Қазақстан 1-ші орында. Ал, мобильдік құрылғыларға шабуыл бойынша Қазақстан 2-ші орынды алып отыр. Өнеркәсіптік желілер дегеніміз, ол тоқтамай істейтін, бізде мысалы қаншама мұнай өндіріліп жатыр қаншама газ станциялары бар. Егерде, мысалы, ол жерде 1 минутқа немесе 5 секундқа бір ақау болса, онда бізде техногенді катастрофа болады.  

Н. Біләл