Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Нұр-Сұлтанда 600 мыңға жуық сайлаушы тіркелген

AstanaTV
15.04.2019ж. 20:00
1907
Нұр-Сұлтанда 600 мыңға жуық сайлаушы тіркелген

Президенттік сайлау алдында полицейлер мен еріктілер қала тұрғындарын қайта тіркеп, тұрғылықты жерін нақтылайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте аппарат басшысының орынбасары хабарлады. Елордада 304 сайлау учаскесі бар. 239-ы жергілікті жерде, ал 65 учаске шет мемлекеттер мен елшіліктерде орналасқан. Әзірге 600 мыңға жуық азамат тіркеуде тұр. Ал сайлаушылар тізімін ЖОО мен колледж студенттері, еріктілер мен полицейлер тағы толықтырады. Пәтерлерді аралау 29 сәуірге дейін жүргізілмек. Бүгіннен бастап тұрғындар «І-көмек», «Телеграм» және «Смарт-Астана» қосымшасы арқылы өз учаскесінің қай мекен жайда орналасқанын анықтай алады.  

Азамат АХМЕДЖАНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмыс күндері сағат 18:00-ден 23-00 аралығында, демалыс күндері 11-ден сағат 6-ға дейін департамент полиция қызметкерлерімен бірге аралайды. Уақытымыз аз. Сондықтан осы уақыттарды алып отырмыз. Азаматтардан сұрап отқанымыз осы мүмкіндіктер болса: есіктерін ашып, мәліметтерді беріп.

Ал сайлауға мәжбүрлеп қатыстыру, еңбек шартын бұзу немесе өзге де заңбұзушылықтар тіркелген жағдайда тұрғындар 109 нөміріне хабарласуға құқылы.

А. Бектас