Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өңірлерде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

AstanaTV
16.04.2019ж. 20:00
3959
Өңірлерде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

Алматыда «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында 116 миллион теңге жиналып, ол көп балалы отбасылардың мәселесін шешуге жұмсалған.Партия филиалдарында атқарылған жұмыстар саяси ұйымның кезектен тыс конференцияларында айтылды. Жиында бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен саяси кеңес мүшелері бас қосты. Олар «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі » секілді партиялық жобалардың жүзеге асу барысын талқыға салды.  

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының 6 мыңнан астам мүшесі бар. Облыстық жиынға 68 делегат қатыспақ. Шаһарда көп балалы және аз қамтылған 730 отбасы тұрады. Екі айдың ішінде солардың екі жүзіне көмек көрсетілген.

Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы аясында 168 отбасыға азық-түлік жеткізіліп, 41 шаңыраққа отын-көмір түсірілген. 60 үйге арнайы өртке қарсы дабылқаққыш құрылғылар тегін орнатылған.

Балбөпе ЕРТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Көптеген аналарға көмек көрсетіліп жатыр. Көмек көрсетілгенде «Бақытты отбасы» біздің кәсіпкерлеріміздің атынан мысалы, 3-4 отбасы қазір жақсы үйге қол жеткізді деп айтуға болады. Әлі де көптеген отбасылардың мәселесі осы «Бақытты отбасы» арқылы шешіледі. «Nur Otan» партиясымен бірге іскер әйелдер қауымдастығы да осы жұмысты қолға алып жатыр.

Ал Ақтауда «Халыққа көмек» жобасы аясында билік партиясына жүзден астам адам жүгінген. Аймақта ауыл жастары мен жас мамандарға арналған бағдарлама да қарқын ала бастады.  

Насуха БАЙПАҚОВ , «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: 

Ауылдық жердегі бизнесті дамыту, жастарды тарту, «Ауылға дипломмен» дейтін бағытта жұмыстар жасау. Жастарға мүмкіндік беріп олардың өз бизнесін ашуға көмектесу.

Алматыда «Бақытты отбасы» жобасын аясында 116 миллион теңге жиналып, көп балалы отбасыларді мәселесін шешуге бағытталған. Мұндай мәлімет «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы өткізген кезектен тыс конференциясында мәлім болды. Партия филиалының саяси кеңес мүшесі Гүлфайруз Қасымованың айтуынша, халыққа көмек әлі де жалғасады.   

Гүлфайруз ҚАСЫМОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ: 

Биылғы бітіретін 9 сынып оқушысы, 11 сынып оқушысы болсын сол балаларға кәсіп керек қой. Онсыз олар жұмыс таба алмайды. Біздің ауданда 18 колледж бар. Сол әр колледждің атынан өзіміздің қамқорлығымызға алып оқытып берсек, өте бір жақсы бастама болар еді деп үміттенеміз.

Атырауда «Халыққа көмек» жобасы аясында 9 көп балалы отбасыға баспана берілсе, тағы бір мың бес жүзіне 23 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Көп балалы аналар «Бақытты отбасы» жобасының да игілігін көріп жатқан көрінеді. Наурыз айынан бері 12 мамандық бойынша 100 адам оқу курстарына қатысып, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп шыққан. 

Ізтұрған БАЙМҰХАНОВ, АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

«Мен халқымның бақытты болғанын ертең емес, бүгін көргім келеді» делінген тарихи сөзі баршамызға үлкен күш-қуат берді. Міне, осы тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті бастаған стратегиялық және экономикалық бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, жаңа сайланған басшымыз да, болашақ жаңа сайланатын кандидатымыз да халық игілігі үшін жұмыс жасайды деген сеніміміз мол.

«Nur Otan» қоғамдағы өзекті түйткілдердің түйінін түбегейлі шешетін тұғырлы партия. Саяси ұйым алдағы сайлауға нық сеніммен, нақты бағдарламамен қатыспақ. 

З. Санай