Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шетелде активтерді бұғаттау «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына кедергі келтіріп жатыр-А. Есімов

AstanaTV
16.04.2019ж. 20:00
3030
Шетелде активтерді бұғаттау «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына кедергі келтіріп жатыр-А. Есімов

Шетелде активтерді бұғаттау «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Әсіресе соңғы уақытта бұл белең алып кетті. Бүгін Үкіметте бірінші тоқсан бойынша есеп берген Ахметжан Есімов осылай деді. Айтуынша, 2017 жылы Стати талаптары бойынша қорға тиесілі құны 5 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайтын Қашаған акцияларына шектеу қойылды. Ал 2018 жылы Ақтау Петролдың республикаға қойған талаптары бойынша қорға тиесілі құны 38 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын Түркиядағы Шекербанк акцияларына тыйым салынды. «Қордың активтеріне тыйым салу қаупі жалпы инвестициялық тартымдылыққа жағымсыз әсер етіп жатыр», - деді қор басшысы.  

Ахметжан ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  

Осыған байланысты біз Әділет және Қаржы министрліктерінен Қазақстан Республикасына қарсы шығарылған xалықаралық процестер бойынша шешімдерді орындау меxанизмін әзірлеуді ұсынған едік. Ондай меxанизм болса, ол арқылы ұлттық қордың, квазимемлекеттік сектордың активтеріне тыйым салудан қорғануға болады.

М. Дюсекина