Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Грузияда қызылша ауруы өршіп тұр

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
3073
Грузияда қызылша ауруы өршіп тұр

Грузияда қызылша ауруы өршіп тұр. Жыл басынан елде 3 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан. Бұл туралы Гүржістанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Амиран Гамкрелидзе мәлімдеді. Оның айтуы бойынша елде індет тарап жатыр. Күніне 15-тен 25 адамға дейін қызылшаны жұқтыратын көрінеді. Мамандар жергілікті тұрғындарды жаппай вакцинациядан өтуге шақырып жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша 118 мың адамға екпе салынған. Енді 350 мыңға жуық адамды вакцинациялау көзделіп отыр. Айта кету керек, Гүржі мен Қазақстан арасында визасыз режим және бірнеше тікелей рейстер бар.  

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Әуежайларда санитарлық-карантиндік бақылау бекеттері бар. Ол жерде эпидемиолог мамандар тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Ұшып келу залдарында тепловизор орнатылған. Оның көмегімен жолаушылардың дене қызуын байланыссыз түрде өлшеуге болады. Егер құрылғы дене қызуы немесе қызылша кезінде шығатын бөрітпені анықтаса, жолаушыға қатысты тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта жағдай қалыпты, мамандар бақылауында.     

Н. Біләл