Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістанда өгей қыздарын азаптаған әйелге тағы бір баппен айып тағылды

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
4696
Түркістанда өгей қыздарын азаптаған әйелге тағы бір баппен айып тағылды

Түркістан облысында үш қызына дене жарақатын салып, қорлады деп айыпталған өгей шешеге қатысты тағы бір баппен қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы келіншек енді «қинау» бабымен де тергеледі. Бұл ақпаратты аймақтағы полиция департаментінің ресми өкілі айтты.  

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Бүгінгі күні күдікті азаматшаға қатысты ҚР ҚК екі бабы бойынша, ол 110 бап «қинау» және 140 «Кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" баптарына сәйкес сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ауруханада ем қабылдап жатқан үш қыздың айтуынша, өгей шешелері олардың денесін тістеуікпен қысып, темір заттармен ұрып, дене жарақатын салып отырған. Бұл сұмдық сынып жетекшісінің араласуынан соң ашылып отыр. Дүйім елдің жағасын ұстатқан оқиға құзырлы орындардың бақылауында. 

А. Төребекқызы