$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Таразда тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер талапқа сай емес - Партиялық бақылау

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
2831
Таразда тұрғызылып жатқан тұрғын үйлер талапқа сай емес - Партиялық бақылау

Таразда тұрғызылып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы талапқа сай емес. Бүгін Жамбыл өңіріне жеткен «Nur Otan» партиясы бақылау қызметінің инспекторлары олқылықтарды сынға алды. Мәселен, 15-ші шағын аудандағы 80 пәтерлі 9 үйдің ішкі пандустары жоқ. Ал, бөлмеаралық қабырғалары тым жұқа. Партиялықтар «Құтты мекен» жобасы бойынша бөлінген қаржының игерілуін бақылауға алған. Шаһар шетіндегі бұл 9 үйді тұрғызуға 5 жарым млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бұл баспаналар осы тамыз айында тапсырылуы тиіс еді.  

Нұрлан БАЙМҰРЗАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: 

Балкондары ертең есігіне дейін ашылмауы мүмкін. Жарлары өте жіңішке. Штукатуркалары жоқ. Мүгедектер көтерілетін болса, баспалдақтарында пандус жоқ. Сыртында пандусы болса, ішінде жоқ. + Мердігер айтып жатыр: «жоба қабылданды, біз енді ештеңе өзгере алмаймыз» деп. Біздің ойымызша ол құжат, құжатты өзгертуге болады, үйді де дұрыстап салуға болады.

Партиялық бақылау қызметі өкілдері «Құтты мекен» жобасы аясында Шымкенттегі «Бадам» өзенінің үстінен салынып жатқан көпірдің құрылысымен де танысты. Ені 11 метрлік өткел кеңейтіліп жатыр. Жұмысшы топ сондай-ақ, Сәуле мөлтек ауданындағы №76 мектеп жанынан қосымша салынып жатқан 300 орындық оқу корпусының құрылысына да тоқталды. Партиялық бақылау қызметінің басшысы қалада атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Д. Әлімқұл