Қазақстанда туристік полиция құрылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа тәртіп сақшылары елге келген туристердің қауіпсіздігін, жайлылығын қамтамасыз етпек. Қазақстанға қыдырып келгендерге кеңес беру, ақпараттындыру да туристік полицияның қызметіне кіреді. Алғашқы уақытта полиция Елордада, Алматыда, Ақмола, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысында ғана жұмыс істейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істерде жаңа бөлімнің құрылуын қолдады. Себебі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолайлы инвестициялық климаттың орнауына оң әсерін тигізеді.
Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады. Сондай-ақ олар мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс. Тез тіл табысып, жедел әрекетке әрдайым дайын болуы керек.
А. Тіленшиев