Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Машина құрастырушылар кәсіподағы жалақы мөлшеріне наразы

AstanaTV
24.04.2019ж. 20:00
2659
Машина құрастырушылар кәсіподағы жалақы мөлшеріне наразы

Машина құрастырушылар кәсіподағы жалақы мөлшеріне наразы. Олар Үкіметке Халықаралық еңбек ұйымының ең төменгі жалақы туралы конвенциясын бекітуді ұсынады. Бүгін кәсіподақ төрағасы Қайырбек Құсайынов кезектен тыс съез кезінде өнеркәсіп орындарында жұмысшының орташа айлығы 133 мың теңге деді. Бұл елдегі орташа жалақы көлемінен төмен. Ал Еуроодақ құрған Халықаралық комиссияның ұйғарымы бойынша, ең әділ төменгі айлық табыс мөлшері мемлекеттегі орташа жалақының 68 пайызына жетуі керек. Бізде ол 24 пайыздың төңірегінде.  

Қайырбек ҚҰСАЙЫНОВ, МАШИНА ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Өнім жасайтын жұмысшыдан оның жетекшісі көбірек жалақы алады. Неге деп бізден сұрайды. Себебі жүйе жоқ дейміз. Жалақы өте төмен. Бәрі бұл проблеманы шығаратын өнім құны бәсекеге қабілетсіз болғандықтан туындап отыр дейді. Бірақ бұл тұжырым зерттеуді қажет етеді.

Д. Қайыртай