Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тәуелсіз сараптама «Happy cake» қызметкерлерінен стофилококк бактериясын тапқан жоқ – А. Солтанов

AstanaTV
24.04.2019ж. 20:00
4414
Тәуелсіз сараптама «Happy cake» қызметкерлерінен стофилококк бактериясын тапқан жоқ – А. Солтанов

13 науқастың торттан уланғаны дәлелденсе, кондитерлік цехке 460 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынуы мүмкін. Бұл 1 миллион теңгеден асады. Тіпті, цех жабылуы да ықтимал. Мұны сот шешеді. Қазір қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті іс материалдарын жинақтап жатыр. Ал біздің арна тілшілерімен сұхбаттасқан «Happy cake» қожайыны өнімдерінің таза, қызметкерлерінің дені сау екеніне сенімді. Мән-жайды Данияр Қайыртай зерттеп көрді.  

-Ну, не в наших тортах там было дело. 

Соңғы жарты жыл бойы «атағы» жер жарып тұрған кондитерлік цехтің құрылтайшысы Асхат Солтанов компанияға жала жабылды деп есептейді. Ауруханаға түскендердің торттан уланғанын айғақтайтын құжат әлі жоқ. Соған қарамастан БАҚ-қа теріс ақпарат таратылған дейді. 

Асхат СОЛТАНОВ, «HAPPY CAKE» ЖШС НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы ешқандай дәлелсіз, құжатсыз науқастар біздің торттан уланды деп жария қылып отыр. Тек сол науқастардың күдігіне ғана сүйенген. Бұл негізсіз. Біздің қолымызда әлі күнге сараптама нәтижесі жоқ.

Науқастар шағымынан кейін тиісті мемлекеттік орган торт саудалған кондитерлік цехті тексеріп жатыр. 4 қызметкерден стафилококк бактериясын анықтапты. Соның ертеңінде Асхат Солтанов ақылы түрде өз жұмысшыларын тағы тәуелсіз сараптамадан өткізеді. Бірақ бактерия түгілі, ешқандай ауру табылмаған. Ал бұл аралықта қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тексеріс материалдарын жинақтап, сотқа өткізуге дайындап жатыр. Істі құқық қорғау органдары да тергейді.  

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Істі сот қарайды. Оларға 460 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлмен қатар, қызметті тоқтату өкімі шығарылуы мүмкін. Егер жабылмаса, кондитерлік цех анықталған заң бұзушылықтарды реттеп, жұмысын жалғастыра алады.

Естеріңізде болса, өткен аптада торттан уландық деген 13 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оның сегізі жатып емделсе, қалған бесеуі барып-келіп ем қабалдап жүрді. Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, олардың ішінде зейнеткерлер, 2 менеджер мен 2 бухгалтер маман бар. Одан бөлек 3 мектеп оқушысы денсаулығына шағымданып ауруханаға түскен. Бәрі бір медициналық мекемеде қаралған. 

Ләззат АЯШЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ГЕПАТИТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Ауруханада 8 пациент ем қабылдады, 4-і шықты. Бәрі бір жерде ұшынған. Жағдайлары орташа.

Осы екі ауыз сөзді айтпас бұрын, медицина мамандары өзара көп ақылдасты.  

-Так и скажите и все. 

-Вы как-то интересно, договариваетесь, надо говорить как есть.

-Мы не договариваемся. У нас должно быть единое мнение. Это абсолютно нормальная корпоративная политика.

Кондитерлік цех пен тазалық мамандары арасында текетіреске сот нүкте қоюы тиіс. Асхат Солтанов белсенді «Facebook» қолданушысы. Осы оқиға желісін өз парақшасында жариялап жүр.   

Д. Қайыртай