Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қаламқас» кен орнындағы өрт бұрғылау компаниясы қызметкерлерінің кесірінен болған

AstanaTV
02.05.2019ж. 20:00
3437
«Қаламқас» кен орнындағы өрт бұрғылау компаниясы қызметкерлерінің кесірінен болған

«Қаламқас» кен орнындағы өрт бұрғылау компаниясы қызметкерлерінің кесірінен болған. Олардың кәсіби деңгейлері төмен. Ұңғымада болған апатқа қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген комиссия қорытындысы осындай. Мердігер қытайлық «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» келтірілген шығын үшін 100 млн теңгедей және 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр. Сондай-ақ, компания құрылыс жұмыстарын жүргізген өзге де ұңғымалар толық тексерістен өтеді. 

Нығметжан МАҚАЖАНОВ, ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мердігер компания бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған. Өрттің пайда болуына негізгі себеп: мұнай және газ ұңғымалары үстіндегі атқыламаға қарсы жабдықты бекіту кезінде цементтің қатаюын, яғни 24 сағат күтпей, ұңғыма сағасын герметизациялау. Бұл қытайлық компания елімізде 5 жыл көлемінде жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін ешқандай тәртіп бұзушылықтары анықталмаған. 

Еске cалайық, наурыздың 24-і күні «Қаламқас» кен орнында 900 шаршы метр аумақта ұңғымадан шыққан газ жанып, 4 күннен кейін ғана ауыздықталған болатын. Апаттан кейін Энергетика министрлігі «Си Бу» бұрғылау компаниясының лицензиясын уақытша тоқтататқан.  

А. Өмірзақ