$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ІІМ жер жерде болған митингіге қатысты түсініктеме берді

AstanaTV
02.05.2019ж. 20:00
4854
ІІМ жер жерде болған митингіге қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрлігі 1 мамыр күні жер-жерде болған митингке қатысты түсініктеме берді. Онда Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында Бас прокуратураның ресми ескертуіне қарамастан, заңсыз митингілер өткізуге жиналды делінген. Министрлік акцияға қатысушыларға өздерінің ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да проблемалық мәселелер бойынша пікірлерін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік берілгенін хабарлады. Алайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналғандардың ішінен бірқатар адам өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған «ДВК» экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды, деп хабарлады.  

ҚР ІІМ-нің РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ:    

Осыған байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірді. Жекелеген азаматтар заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбады. Содан кейін полиция күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданды. Нәтижесінде, елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 азамат жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілетін болады.

М. Бақытқызы