Қазақстан Президенттігіне үміткер алғашқы кандидат ресми түрде тіркелді. Ол-Қасым-Жомарт Тоқаев. Кандидат Ата Заңда көрсетілген барлық талаптарға сай келеді және құжаттарын толық өткізген.
Сәбила МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Президентке кандидат Қ.К.Тоқаевқа тиісті куәлік берілсін. Қ.К.Тоқаев арнаулы уақытша шотты ашу үшін «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-на Президенттікке кандидат болып тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылсын.
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарында болуына байланысты тиісті куәлікті оның сенімді өкілі «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа табыс етілді. Бас партия ұсынып отырған кандидатты қолдауына Қазақстанның барлық 17 өңірінен 316 мыңға жуық азаматтың қолы жиналды. Олардың 313 мыңнан астамы дұрыс деп танылды.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Енгді осы бүгінгі шешімнен кейін Қасым-Жомарт Кемелұлының қоғамдық республикалық штабы құрылады. Біздің кандидатымыз осы штабты басқаруды маған тапсырды, біз керекті жұмыстарды бастап кетеміз. Біз енді 11 мамырдың 18.00-ен бастап үгіт-насихат жұмыстарын бастайтын боламыз. Біздің барлық жұмыстарымыз барлық үгіт-насихат жұмыстары штабтың басқа да жұмыстары толықтай заң аясында жүргізілетін болады.
Н. Біләл