Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шетел ЖОО оқуға құмартқан оқушылар көбейіп келеді

AstanaTV
03.05.2019ж. 20:00
2875
Шетел ЖОО оқуға құмартқан оқушылар көбейіп келеді

Елімізде бір оқушы әлемнің ондаған жоғары оқу орындарының грантын ұтып алыпты дегенге таң қалмайтын болдық. Соңғы жылдары осындай үрдіс белең алды. Кеше ғана Шымкенттегі мектептің 12-ші сынып оқушысы дүниежүзінде рейтингісі жоғары 20 оқу орнынан шақырту алған. Мұны орта білім ошағындағы ұстаздары рекордтық көрсеткіш деп мақтанғанымен, кейбір сарапшылар бөрікті аспанға ататындай жаңалық емес дейді. Дарынды балаларды сырттан білім іздеуге мәжбүрлеу жүйедегі кемшілік. Бұл елдегі ұлттық университеттердің әлемдік үрдістен қалып бара жатқанының көрінісі деп сынайтындар табылады. Елде 125 жоғары оқу орны болғанымен, шынайы білім беретіндері саусақпен санап алуға болады, дейді олар.    

Аятжан АХМЕТЖАН, «QAZBILIM» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Болашақта бір балаға 100 грант беріпті десе, оған таң қалмаймын. Себебі әлемдік үрдістегі рейтингтегі университеттер әлемдегі дарынды баларды іздеп жүр. Май шаммен. Олардың көзіне түскен шын дарынды балалар қабылданып кетеді. Бізде әлемдік олимпиаданың жеңімпаз балалары, дарындылар әлемнің 20-лығына кіретін оқу орындарын бітіріп шықты. Бітіріп жатқандар да бар. Бірақ олар қайда? Ең ауыр дүние осы. Олар қайда?

Бұған шетелде оқу үшін түрлі гранттарды жеңіп алып, буынып-түйініп дайын отырған мектеп бітірушілері не дейді? Тақырыпты сарапшылардың пікірімен ашуға тырысқан тілшіміздің сюжетін ертең 20:00-де «Біздің уақыт» ақпараттық -сараптамалық бағдарламасынан толығырақ көре аласыздар.   

Р. Асқарбекұлы