Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Атырауда елдегі инвестициялық ахуалды дамыту мәселелері талқыланды

AstanaTV
03.05.2019ж. 20:00
3337
Атырауда елдегі инвестициялық ахуалды дамыту мәселелері талқыланды

Атырау инвестиция турту бойынша ел аумағында көш бастап тұр. Өйткені шетелдік инвесторлар мұнай-газ саласына қаржы салғанды жөн көреді. Бұл туралы сенаторлардың аймаққа сапары барысында белгілі болды. Дегенмен қазір ауыл шаруашылығына да қаражат құю тенденциясы байқалып отыр дейді. Инвестиция тарту, оның жолдарын заңнамалық жетілдіру жайы сөз болған жиыннан оралған тілші бейнематериалында толығырақ.  

Елдегі инвестициялық ахуал және оны одан әрі дамыту мәселелері бүгін Атырауда сөз болды. Жиынға қаржы және бюджет комитетінің сенаторлары, мемлекеттік орган, бизнес қауымдастығы өкілдері мен инвесторлар келді. Парламент өкілдері «Инвестициялық климатты жетілдіруге арналған» заңға енгізілетін толықтырулар туралы жобаның тиімді тұстарына тоқталды. Сенатор Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, шетелдік компанияларда қазақстандық үлесті арттыру үшін алдын ала келісім-шарт енгізіліп жатыр.     

Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Олар аяқ астынан тендер өткізеді де біздің мекемелер қалып қояды. Шетелден алып келеді. Бізге айтады. Қазақстанның содержаниесін көбейтуге сұрақ қойып жатсақ, олар айтады міне бізде ондай өнімдер жоқ. Оборудование жоқ деп. Бұл контракт деген алдын ала өткізеді. Ол біздің таза қазақстандық мекеме бола ма. Шетелден алып келіп қосылып СП құра ма осының бәрін алдын ала оборудование шығарып, міндетті түрде ТШО Қашаған 10-15 жылға соның шығартын өнімдерін алатын болады.

Сондай-ақ, жиында инвесторларға салықтық жеңілдіктер жасау, шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі рәсімдерді оңайлату, тиімділігі төмен арнайы экономикалық аймақтарға инвестиция ағынын ұлғайту мәселелері талқыланды.  

Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВА, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ИНВЕСТИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Менің ойымша, бүгін Парламент сенаты мен облыс әкімдігі ұйымдастырған алаң болашақта инвестиция тартуға, инвестициялық қолайлы климат туғызу бағытындағы жұмысты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазір инвестицияға бәсекелестік артып отыр. Көрші мемлекеттер де өздерінің инвестициялық заңнамаларын жақсартуға қадамдар жасап отырғанын көріп отырмыз. Жаңа инвесторларды тарту үшін, қазіргі жұмыс жасап жатқан инвесторларды ұстап қалу үшін жаңа көмектер беруіміз керек.

Жалпы, Қазақстанға 2014 жылдан бері 41 трлн. теңге инвестиция құйылған. Оның 33 пайызы мұнайлы өңірдің үлесінде екен. Сенаторлар жиыннан соң Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Онда қайта жаңғыртудан өткен мұнайды терең өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Қазір мұндағы мұнай өңдеу жылына 5,5 млн тоннаға дейін, ал автокөлік жанар-жағар майы 1,7 млн тоннаға дейін өскен.

 Б. Нәдірқызы